Ізгі қоғам және біз

Редакция таңдауы
view 323
news

Құрметті Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының тұрғындары! 2023 жылдың жылдың 13 сәуір күні сағат 16.30. де қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Астана қаласы өкілдігімен бірлесіп «Ізгі қоғам және біз» атты рухани шара өткізеді,- деп хабарлайды JanaBastau.kz Жасөспірімдер мен жастардың қоғамдағы рөлі, оқушылардың ғаламторға тәуелділігі, бос уақытты тиімді пайдалану, адал асты тұтыну, отбасындағы қарым-қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет тақырыптары қамтылады. Кеште ҚМДБ «Халал-Даму» орталығының  директоры-А. А. Аташев, ұлттық күш спорт түрлерінің шебері, кино актері, продюсер, меценат Арман Көшербайұлы Сүлеймен, айтыскер ақын, жыршы, термеші, халықаралық жыршы-термешілер мен айтыс ақындары одағының атқарушы директоры Е.Қайназаров, ҚМДБ Астана қаласының өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат қажы Жүсіпов, Қосшы қаласы мешітінің бас имамы Т. Арғынбайұлы, теолог, дінтанушы Абзал Сәрденұлы қатысып, сөз сөйлейді. Келіңіздер! Қатысыңыздар! Сұрақтарыңызға жауап алып, танымдық кештен рухани ләззат алыңыздар!  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *