Мемлекет ғылымның дамуына мүдделі

Редакция таңдауы
view 118
news

Орталық коммуникациялар қызметінде Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда отандық ғылымды одан әрі дамыту жайы талқыланды. Ғалымдар әлемдік ғылымның көшбасшы елдерінің мысалында ғылыми үрдістер мен перспективалар жайын сөз етті. Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки Ғылым және технологиялар жө­ніндегі ұлттық кеңес ғылым мен технологиялардың басым­дық­тарын айқындау үшін ғылым­ды басқару жүйесін жетілдіру мақ­сатында құрылғанын атап өтті. – Кеңестің алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерінің ең өзекті ұсыныстарын тыңдады. Ұлттық кеңес мүшелері ғылым саласының міндеттерін шешуге белсенді араласып отырады. Ұлттық кеңес ғалымдары 2029 жылға дейін жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты, «Ғылым және тех­ноло­гиялық саясат туралы» заңның жобасына реттеуші саясаттың кон­сультативтік құжатын қа­рап, өз ұсыныстарын қарады. Бүгінгі таңда кеңес мүшелерінен 100-ден аса ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстар зер­деленіп, стра­тегиялық мем­лекеттік міндет­терді шешу кезінде есепке алынатын болады, – деді Дархан Ахмед-Зәки. Сондай-ақ ол министрлік қазіргі уақытта ел ғалымдарының алдында ұлттық ғылыми саланы одан әрі дамыту перспективалары айқындалғанын атап өтті. Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отандық ғылымның беделі мен сапасына ғана емес, сонымен қатар «дәстүршілдердің» ғылымнан ықтимал қарсылығын ең­серуге ықпал етеді, тежеу мен тепе-тең­дік жүйесіндегі маңызды буын болады, деді. «Ұлттық кеңес жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың жауапты өкілдерінің кең өкілдігі ғылымды дамыту саласында перс­пективалы және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бере­ді», деп нақтылады ол. Дархан Ахмед-Зәкидің айтуынша, ұлттық кеңестің алғашқы отырысы болашақ өзгерістер үшін өте байыпты бастау болды. – Мемлекет басшысы ға­лым­дарымыз айтқан баста­ма­лар­дың басым бөлігіне қолдау білдірді. Баяндамашылар Ғы­лым академия­сының рөліне, ғылыми ізде­ністердің шынайы экономикаға қажеттілігіне қатысты жүйелі сипаттағы мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ядролық энергетиканы, жаңа технологияларды дамыту, торий реакторларын жасау мәселелері талқыға түсті. Мәселелердің үшінші блогі био­логиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында гендік технологияларды дамытуға қатысты болды. Соңғы мәселелер негізінен мұраларды, тарихи-археологиялық жәдігерлерді сақтау, елдің әлеу­меттік-экономикалық әлеуетін да­мытуға ғылыми қамтуды өнді­рістің тікелей әсерін талқылауға бағытталды, – деді комитет төр­ағасы. Оның айтуынша, кеңесте қамтылған барлық бағыт елдің стратегиялық құжат­тарында көрі­ніс табады. Сонымен қатар Пре­зиденттің тапсырмасымен елдің ғылым жүйесін да­мытудағы Ғылым академиясының жаңа рөлін қалыптастыру, ғалым­дарды әлеуметтік қолдау, оның ішінде ғылыми дәрежелер мен атақтарға үстемеақылар төлеу, зерт­ханалар мен ғылыми орта­лықтардың материалдық-тех­ника­лық қамтамасыз етілуін қаржы­ландырудың жаңа формасы бойынша іс-шаралар қабыл­данады. – Президентіміздің басшы­лығымен және қолдауымен соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы өсті. Осы жылдың өзінде 158 млрд теңгеге жетті, сома бір­тіндеп 240 млрд теңгеге дейін ұл­ғайтылады. Әрине, жүзеге асы­рылған іс-шаралар жүйелі сипатқа ие, – деді Дархан Ахмед-Зәки. Комитет басшысының айтуынша, университеттік ғылымды дамыту мәселесі де өзекті. Бұл бағытта Мемле­кет басшысының тапсырмасымен жоғары оқу орындары жанында инжинирингтік орталықтар мен технопарктер құру бас­тамасы жүзеге асырылды. Дөңгелек үстелге қатысқан Тулейн университетінің профессоры (АҚШ), Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Дияр Талбаев әлемдік трендтер туралы сөз қозғады. – Ұлттық кеңесте қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Оның ішін­де цифрлық қауіпсіздік, ком­пью­­терлік қауіпсіздік, био­қауіп­сіздік бәрі қамтылған. Бұл тұр­ғыда ғылым­ның орны айрық­ша. Мәсе­лен, қазір халық­тың тез қартаюы үлкен мәселеге айналды. Өкінішке қарай, мұның соңы әлеуметтік мәселелерді туын­датып отыр. Әлемге бұл тұр­ғыдан қалай және қандай көмек көрсетеміз? Аталған мәселені шешуде ғылымның рөлі зор. Бұған Қазақстан да атсалыса алады. Өйткені мұндағы ғылымның әлеуеті жоғары. Бі­рінші кезекте адам капиталы бар. Меніңше, адам капиталын, яғни ғылым жолында жүрген адамдарды қолдауды жалғастыра беру керек. Олардың ойға алған дүниелерін толықтай жүзеге асыруына мүмкіндік жасалуға тиіс, – деді Дияр Талбаев. Тез қартаю мәселесіне Густав Рози инс­ти­тутының «ДНҚ жөн­деу» зертханасының директоры (Франция), Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Мұрат Сапарбаев та тоқталды. – Шынында да, дамыған елдерді тез қартаю мәселесі алаң­датып отыр. Алдағы уақытта елімізде мұндай мәселемен бетпе-бет келері анық. Қатерлі ісік, ми деменциясы секілді аурулардың алдын алудың амалдары қарастырылып жатыр. Сол секілді артық салмақ та әлемдік проблемаға айналып келеді. Өзекті мәселелердің қатарына ғаламдық жылынуды да қосар едім. Аталған мәселені кешенді түрде шешу керек. Мемлекеттердің бірлесе отырып шешім қабылдауы ма­ңызды. Алайда әзірше ондай әрекеттерді байқамай отырмыз. Дегенмен кейбір елдер өз­дері бастамашылық танытып, әрекет жасап отыр. Мәселен, Норвегия толықтай электрмобильге көшіп жатыр. Еуропа 2030 жылға қарай бензинмен жұмыс істейтін техникаларға тыйым салмақ. Бірақ бұл өте қиын. Экожүйені сақтау мәселесі де маңызды. Аталған үдеріске еліміз да қатысып, әлем елдеріне үлгі көрсете алады. Өйткені Қазақстан ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр әрі мұның бәрі ашықтық жағдайында жүзеге асырылып жатыр. Мұндай дүниелер әлемнің назарынан тыс қалмасы даусыз, – деді Мұрат Сапарбаев. Ғалымның айтуынша, еліміздің интеллектуалдық әлеуеті алдағы тәуе­келдерге толықтай сәйкес келеді. «Алда қан­дай тәуекелдер тұрғанын ешкім дөп басып айта алмайды, тек болжам ғана жасайды. Сондық­тан әр елдің өзіндік сарапшы­лары болғаны жөн. Олар­ды ашықтық, бәсекелестік жағ­дайында тәрбиелеу маңызды. Ғы­лымға бөлінетін қаржының ұлғайып келе жатқаны қуантады. Дәл осы фактор елдің әлемдік трендтерге қосылуына жол ашады», деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *