Қала әкімі тілшілер қауымын құттықтады

Редакция таңдауы
view 71
news

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов баспасөз саласының өңірдегі бір топ өкілдерімен кездесіп, қалам ұстаған қауымды төл мерекесімен құттықтады. Гайдар Қабдоллаұлы «халықтың көзі, құлағы, һәм тілі саналған» мамандық иелеріне ізгі тілегін былай жеткізді: «Қосшы қаласының қарқынды дамып келе жатқанын өздеріңіздер де байқап жүрген боларсыздар. Халық саны жедел өсіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы артып келеді. Бұл жұмыстың бәрі – сіздердің көз алдарыңызда. Тұрғындардың құзырлы органдарға жүгінген кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылған. Бұл атқарушы билік пен қара халықтың өзара қатынасын күшейте түсті. Мұның бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан іс-шаралар. Осы оң өзгерістерді назардан тыс қалдырмай, жақсылықтың жаршысындай болып жарыққа шығарып жүрген тілшілер қауымына зор алғыс. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін қашанда маңызды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» деген қала басшысы қаламгерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Кездесуге «Jana bastau» газетінің құрылтайшысы, ақын Бауыржан Қарағызұлы, басылымның бас редакторы Дәулет Асау, журналист Гүлназ Бисен, жазушы Ұларбек Нұрғалым, журналист-ақын Қабиден Қуанышбай, ақын Олжас Қасым, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр, «El.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Лена Мұратбекқызы, журналист Серікбай Әбілмәжін, Жарқынбек Жұмаділ, «Қазақ радиосы» жаңалықтар бөлімінің редакторы Жанболат Шәкім қатысып, әкіммен өңірде орын алып жатқан оң жаңалықтар турасында әңгіме өрбітті. Еркін форматта өткен жүздесу барысында қаланың дамуы, тұрмыстық проблемаларды шешу барысы кеңінен талқыланды.

«Jańa Bastau» газетінен алынды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *