Кітаптарға миллиондаған қаржы бөлінді
Редакция таңдауы
84
Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының тапсырмасымен қалалық кітапхана қорына жаңа кітаптар алу үшін облыстық бюджеттен 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын.
Аталған қаржы есебінен кітапхана қоры ең көп сұранысқа ие жаңа әдебиеттермен толықты. «Абай жолы», «Бабабалр сөзі» көптомдығы әлемдік бестселлер «Гарри Поттер» қазақ тілінде, «Екінші болма», «Бейсен және болмыс», «Өміріңді өзгертіп, ойыңды өзгерт», «Болмаған балалық шақ» және т.б. кітаптар оқырмандарға жол тартатын болады.
Сонымен қатар балаларға арналған әдебиеттер қоры толықты. «Бұл өте оңай», «Хари мен Кари», «Жалықтырмайтын энциклопедия», «Кішкентай ханзада», «Қарынбай», «Нан батыр» және т.б. қызықты ертегілер мен әңгімелер өз оқырманын асыға күтеді.
«Мен тұрақты оқырмандардың бірімін. Балалық шағымда кітаптарға ерекше қызығушылық танытатынмын. Әкем маған үнемі «кітапхана – рухани сұранысты қанағаттандыратын орта» деп айтатын. Мәдени, әдеби әлемге, жас ұрпаққа пайдасы тимесе, зияны жоқ. Басшылықтың бастамасымен қор толықтырылған екен. Бәрекелді! Бұл білім саласына, қоғамның дамуына жұмсалған қаражат деп білемін. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кітапхана қорын толықтыру білімділікке сәл болса да құштарлықты дамытуға көмектеседі ғой. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық», деген ойымен Сейтжан Нұрахмет бөлісті.
Айта кетейік, осыған дейін отырыстардың бірінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» деген болатын.
«Jańa Bastau» газетінен алынды
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)