Қала халқымен бірге өндірісі де өсіп келеді

Экономика
view 3433
news

Сейсенбі күні Қосшы қаласының басшысы Гайдар Қасеновтің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Мұнда Экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі Рүстем Мусин, Статистика басқармасының жетекшісі Рашид Мәмбетов өз салалары бойынша 9 айда атқарған жұмыстарының есебін берді. Сондай-ақ аталған жиында ағымдағы мәселелер қосымша қаралды.

Өңірде жыл басынан бері 5,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, оның индексі біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Есепті мерзімге дейін өндіріс индексі 95,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Қосшы қаласы облыста 12-орынға дейін құлдилап кеткен. Оған өңдеу өндірісінің көлемі алдыңғы жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 21%-ға қысқаруымен түсіндіріледі. Алайда бұл көрсеткіш өткен айда оның алдындағы айдан 138,7% асып, қазір қаламыз облыста бірінші орынға шықты. 2022 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда өндіріс өнеркәсібінің индексі тау-кен өнеркәсібінде және карьерлердің өңдеуде – 164%-ды, өңдеу – 79%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және қалыпқа келтірілген ауамен жабдықтау – 171%-ды, сумен жабдықтау және су жинау, қалдықтарды өңдеу ластануды жою 352%-ды құрады. Рүстем Мусиннің айтуынша, темірбетон бұйымдары өндірісінің, ет өнімдерінің және өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің төмендеуі, тағы басқа бірқатар кәсіпорындар өнімдері көлемінің азаюынан орын алған. Тұтынушының аталмыш тауарларға сұранысы салқындап, тапсырыс берушілер азайған.

– Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Негізгі капиталға салынған қаржы 74,6%-ға артты. Инвестицияның басым бөлігі тұрғын үй құрылысы саласына салынған,– деді Экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Есепті мерзім ішінде 13,5 млрд теңгенің құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалған. Көпқабатты тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ жеке адамдардың баспананы көптеп салуына байланысты құрылыс қарқыны 56,3%-ға ұлғайды. Қосшы қаласы бұл көрсеткіш бойынша облыста 5-орынға тұрақтады. Шаһарымызда биыл екі бірдей білім ошағы – «Нұрай» ТК-нде1 200 орындық жалпы білім беретін мемлекеттік мектептің және Болат Өтемұратов атындағы қор қаржысына 1 500 орындық мектеп-гимназияның салынуы құрылыс қарқынын үдете түсті. Қалада жылдан-жылға жеке кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. Бүгінде аумақта 3 187 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелсе, соның 2 987-сі белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,7% көп, тіркелген кәсіпорындардың 93,7%-ы кәсібін жүргізіп отыр. Бұл есепке жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар түгел кіреді.

- Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл, орман және балық шаруашылықтары өндірген өнімнің жалпы көлемі 464,7 млн теңге жетті. Мұнда нақты өнім көлемінің индексі 91,8% құрады. Осы көрсеткіш бойынша біз облыстың барлық қалалары мен аудандары арасында 2-орынға көтерілдік. Егін шарушылығы өнімдері жалпы көлемінің кемуі (85,4%), ауа райының қолайсыздығына байланысты орақ жұмыстарының аяқталмай жатуы және дәнді дақылдар мен көкөніс алқаптарының азаюы кері әсерін тигізді,– дейді Рүстем Қабдуалиұлы.

Еске сала кетейік, респонденттер статистика органдарына егін орағының есебін 2 қарашада, науқан аяқталғаннан кейін бір-ақ тапсырады. Биыл халықтың қолындағы мал мен құс басы өсе түскені де байқалады. Ірі қара 730 басқа (оның ішінде сиыр – 320 бас) жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда – 103,3%. Қой-ешкі – 1 237 тұяқ(105,4%). Жылқы 981 бас(149,3%), түйе 54 бас. Құстың саны 760-қа жетті немесе былтырғы сәйкес мерзімге шаққанда103,3%.

– Есепті мерзім ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша тірі салмағы 13,3 тонна мал мен құс еті сойылды, 76,8 тонна сүт сауылды, 15,4 мың тауық жұмыртқасы жиналды. Ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюына және мал мен құс басының өсуіне Тайтөбе ауылының аумақтық-әкімшілік бөлініс бойынша Қосшы қаласына қарауы үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ бұл өңірлік ауыл шаруашылық кешенін дамытуға көп мүмкіндік береді,– дейді Рүстем Мусин.

Үстіміздегі жылдың 1 қазандағы дерегіне сүйенсек, негізгі капиталға салынған инвестиция 33,7 млрд теңгенің құрап, өткен жылдың сәйкес мерзіміне шаққанда 74,6% жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қосшы облыста 4-орынға шықты. Ақмола облысында орташа нақты көлем индексі – 111,8%. Инвестицияның 90%-ы тұрғын үй құрылысына жұмсалған.

Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл, орман және балық шаруашылықтары өндірген өнімнің жалпы көлемі 464,7 млн теңге жетті. Мұнда нақты өнім көлемінің индексі 91,8% құрады. Осы көрсеткіш бойынша біз облыстың барлық қалалары мен аудандары арасында 2-орынға көтерілдік.

Қалада жыл басынан бері 65,2 мың м2 баспана салынды (облыс бойынша 3-орын), әйтсе де бұл өткен жылғы меженің 86,9%-ын ғана қамтыды. Құрлыс қарқыны көпқабатты тұрғын үйдің (98,8%), сондай-ақ жекеменшік үйлердің (78,5%) пайдалануға берілуімен түсіндіріледі. Рүстем Қабдуалиұлының айтуынша, 9 айда бөлшек сауда көлемі 4,5 млрд теңгені құрады (3- орын), бұл былтырғы көрсеткіштен 39%-ға көп. Тауар айналымы едәуір өсті. Әйтсе де өткен жылы «Кен Март» гипермаркет желісінің жабылуына байланысты сауда-саттық біршама толастай бастаған еді. Ал 2022 жылдың екінші жартысынан бастап қалаға «Смолл», «Светофор» супермаркеттері мен басқа да бірқатар нысандардың келуі сауда-саттық қарқынын үдете түсті. Жаңадан ашылған бөлшек сауда желілері алдағы уақыттарда тұрақты дамуға ықпал ететіні сөзсіз.

– 2023 жылы кіріс көлемі 1617,6 млн теңге сомасында белгіленген. Мұның 1569,6 млн теңгесі салықтық түсімдер, 9,7 млн теңгесі салықтық емес алымдар, 38,3 млн теңге – негізгі капиталды сатудан түскен қаржы. Бүгінге дейін қала бюджетіне 1350,1 млн теңге салық түсіп, жоспар 293,6 млн теңгеге артығымен орындалды. Жоспардың артығымен орындалуын табыс салығының, әлеуметтік салықтық өсімі қамтамасыз етті,– деді Рүстем Мусин.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 8 804,5 млн теңге бюджет қаржысы жүз пайыз игерілді. Біреу білер, біреу білмес, Қосшы – тұрғындар саны бойынша Қазақстанда Астана мен Шымкенттен кейін ең жедел өсіп келе жатқан қала. Статистика агенттігінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 54 747 адам ресми тіркеуде тұр. Адам санының жалпы өсімі .– 2 540. Табиғи өсім – 453 адам. Көші-қонның оң сальдосы+2087. Тұрғындардың өсімі бойынша 4,8%-бен Қосшы облыста бірінші орында тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, бізден кейін Көкшетау қаласы +594 адам, Целиноград ауданы +433 адам оң сальдоны көрсеткен. Облыс шеңберіндегі басқа қалалар мен аудандардың бәрінде бұл көрсеткіш теріс таңбаны көрсетеді. 2023 жылы Қосшы қаласының бюджеті салық түсімдері бойынша 12439,0 млн теңге деп түзетілді, оның ішінде кіріс –1617,6 млн теңге. Қазіргі күні қазынаға 1077,3 млн теңге қаржы қордаланып, бекітілген жоспар 130,8 %-ға асыра орындалған. Яғни қосымша 331,3 млн теңге қаржы түсті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен басқа бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бәрі оның шығыс бөлігін де толықтай игерді. Ал Статистика басқармасының басшысы Рашид Мәмбетов ағымдағы жылдың 9 айының әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы бойынша 3 көрсеткіштен басқасының барлығы орындалуда екенін айтты. Ол – өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі, тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру. Баяндамашы жоспары орындалмаған көрсеткіштер бойынша қысқаша тоқталды:

– Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің индексі 95,5% құрады, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері орындалмады – 79%. Бетон бұйымдарының өндірісі 40%-ға, ет өнімдерінің өндірісі 25% құлдырады. Өйткені тапсырыс аз,– дейді Рашид Талғатұлы.

Айта кетейік, қарамағында 100 адамнан асатын жұмысшысы бар өнеркәсіп кәсіпорындары мен жылдық айналымы 1 млрд теңгеден асатын шағын өнеркәсіп нысандары ай сайын 1-П есебін тапсырады. Қала бойынша мұндай кәсіпорын екеу. Қалған шағын өндіріс ошақтары әр тоқсан сайын есеп береді, олардың деректері алдыңғы айлардың ақпарына қарай сәйкестіріліп есептеледі.

2023 жылы Қосшы қаласының бюджеті салық түсімдері бойынша 12439,0 млн теңге деп түзетілді, оның ішінде кіріс –1617,6 млн теңге. Қазіргі күні қазынаға 1077,3 млн теңге қаржы қордаланып, бекітілген жоспар 130,8 %-ға асыра орындалған. Яғни қосымша 331,3 млн теңге қаржы түсті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен басқа бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бәрі оның шығыс бөлігін де толықтай игерді.

– Бекітілген өндіріс көлемін орындауға жыл соңына дейін әлі 3,7 млрд теңге қажет. Сондықтан осы қазан айынан бастап желтоқсанның соңына дейін өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтпаса болмайды. Одан бөлек, 3-тоқсанның көрсеткіштерін көтеру керек, өйткені бұл ақпар қараша-желтоқсан айларының өндіріс көлеміне өлшем ретінде алынады,– деп түйіндеді Р. Мәмбетов.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің нақты индексі 91,8%-ды құрады, өсімдік шаруашылығының көрсеткіші орындалмады – 85,4%. Ақмола облысының барлық аудандарында өндіріс көлемінің нақты индексі 100%-дан төмен, облыстың орташа көрсеткіші –70,6%. Статистика басқармасының басшысы да алдында баяндама жасаған әріптесінің сөзін қуаттап, егістік алқаптарының қысқартылып кеткенін, егін орағы әлі аяқталмағанын, сондықтан өндірістік көрсеткіштің толық еместігін алға тартты. Мәселен дәнді-дақылдар алқабы 12 гектарға, көкөніс алқаптары 12,4 гектарға кеміген. Мұның бәрі егін орағының жалпы көлеміне қалайда әсер ететіні сөзсіз. Былтыр астық әр гектарына 8 центнерден жиналған болатын. Сөзімізді қортындылай кетсек, биыл жалпы аумағы 65 171 ш.м болатын тұрғын үй салынып, жоспар 86,9%-ға орындалған. Жалпы ауданы 30709 ш.м көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (Лесная поляна 39, 43-45 үйлер). Қосшы қаласында 31 079 ш.м 163 тұрғын үйге және Тайтөбе ауылында 3383 ш.м. 23 тұрғын үйге жаңа қожайындары кірді. Былтыр 4 көпқабатты тұрғын үй кешені (28 135 ш.м.), Қосшы қаласында 277 тұрғын үй (54 333 ш.м.) және Тайтөбе ауылында 34 тұрғын үй (6188 ш.м.) пайдалануға берілді. Көпқабатты үй пайдалануға берілгеннен кейін респондеттер нысанды қабылдау актісімен бірге 2-КС есебін тапсырады. Акт Тіркеу және жер кадастры бөлімінің, Сәулет бөлімінің мемлекеттік тіркеліміне тұруы тиіс. Әйтпесе тіркеусіз ешқандай құжат қабылданбайды. Жеке тұрғындардың баспанасы үшін Сәулет басқармасы актмен бірге 1-ИС құжатын тапсырады. Жылдық жоспарды орындау үшін қалада әлі 23 485 ш.м. баспана салынуы керек. Жыл соңына дейін Dream Park ЖК (11 178 ш.м.) пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Қосшы қаласының әкімі күн тәртібінде көтерілген негізгі екі тақырыптан басқа, қоғамның ағымдық мәселелерін де талдап, талқылап, лауазымды тұлғаларға тиісінше тапсырмалар берді.

Дәулет АСАУ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *