«Әкемізден бастап есірткіге тәуелді болдық»: Танымал әнші сахнадан көрінбей кету себебін айтты

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Кейінгі жылдары сахнадан көрінбей кеткент әнші Асхат Қалмырза есірткіге тәуелді болғанын айтты. Ол Асхат Садырбайға берген сұхбатында қазақ эстрадасында есірткіге тәуелді әншілердің бар екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Мен танымалдылыққа дейін де аздап көретінмін. Студент кезімде «наша» деп аталатын. Кейін замынына қарай «мефедрон» және «скорость» деп аталады. Ол өзінен өзі табыла салмайды. Мынау кінәлі деп айтудан аулақпын. Менің аузыма, мұрныма біреу әкеп тыққан жоқ. Өзім іздеп таптым. Танымал әншілердің ортасы бар, бірақ аттарын айта алмаймын. Келіншегімді жақсы көрдім. Күндердің күнінде ыдыс-аяқ сылдырып, арада үзіліс болғанк кезде күйіктен тәуелділікке бардым. Ол кезде заңды некеде емеспіз. Дәл сол уақытта ковид басталды. Менде «демек, ол менің өнерім мен ақшам үшін жүр» деген ой пайда болды. Сөйтсем, ол менің мінезіме шыдамаған екен. Жаңағы нәрсені шеге бергеннен кейін жүйке жүйең де дұрыс болмайды екен. Карантин келді, той, ақша жоқ. Далада қалдым. Бір ағам 116 миллион теңгенің тендерін берді. Ол жерде жаман болмадым, жақсы ақшамен шықтым. Келіншегім «нашақорлықтан бөлек, қызқұмарлығыңды кешіре алмаймын» деді. Телефонымнан көріп қойған еді. Бірақ сонда да маған тұрмысқа шықты», — дейді ол. Сондай-ақ, ол әкесі мен бауырларының да істі болғанын жасырмады. «Әкем де өнерге жақын адам болған. Ол да есірткіге тәуелді болып, досы екеуі көкнар алдырады. Досы біреуге сатамын деп ұсталады. Үйге полиция қызметкерлері келді. Біз полицияға қарсы шықтық. Солай әкемізден бастап істі болдық. Екі інім 5 жылға сотталып, үй қамаққа шықты. Әкем 11 жылға сотталып, 6,5 жыл отырып шықты», — дейді. 

Өнер иесі қазіргі таңда емделіп шыққанын да мәлімдеді.

«6 ай Рехабта емделіп шықтым. Ол жақта тәуелділікті емес, адамның мінез-құлқын емдейді. Адам ашуланып, өкпелеп, қатты қуанбау керек. Ол шариғатта да бар. Бәрі бір Алланың қалуымен болады. Арық сөйлеп, семіз шыққым келеді. Болдым, толдым дей алмаймын. Емделу жолындамын, мінезімді, адамдық қасиетімді жөндеп жатырмын», — дейді Асқар Қалмырза.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *