«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы: Ақмола облысының тұрғындарына тәулік бойы көмек

Жаңалықтар
view 18
news

Фото

Ақмола облысының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Байланыс орталығы келесі бағыттар бойынша өтініштерді қабылдайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Электрмен жабдықтау — кернеудің ауытқуы, электр энергиясының өшуі;

Сумен жабдықтау — судың болмауы, су қысымының төмендігі;

Жылумен жабдықтау — жылыту батареяларының суық болуы, жылу желілеріндегі апаттар;

Лифт шаруашылығы — лифттердің істен шығуы және тоқтап қалуы;

Аулаларды абаттандыру және санитарлық тазалау;

Құдықтар мен люктердің жай-күйі;

Жол инфрақұрылымы — жолдар мен тротуарлардың жай-күйі және оларды жөндеу қажеттілігі;

Қоғамдық көлік — маршруттар мен қозғалыс кестесіне қатысты мәселелер;

Ветеринариялық қызмет — қараусыз қалған жануарларды аулау;

Туристік нысандар — Ақмола облысының туристік көрікті жерлері туралы ақпарат. Бірыңғай байланыс орталығына 109 тегін нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қызмет тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, байланыс орнатудың қосымша арналары қолжетімді:

Telegram-бот: @IKOMEK109AQMOLABOT;

Instagram: @ikomek109aqmola.

«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы — туындаған мәселе туралы хабарлаудың, қажетті ақпарат алудың және оны шешу үшін өтініш жолдаудың ыңғайлы тәсілі.

Байланыс деректерін сақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *