Өңір экономикасында өрлеу бар

Экономика
view 3200
news

...

Ақмола облысында 2023 жылғы ІІІ тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде - әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы қаралды Бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақова баяндама жасады. Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша облыс ӘЭД-нің көптеген көрсеткіштері бойынша динамика бар.

«Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің өсуі тау-кен өндіру және өңдеу салаларының өнім көлемін едәуір ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Тау-кен өнеркәсібінде өсу құрамында алтын бар концентраттарды өндіру көлемінің 1,9 есеге және құрамында алтын бар кенді өндіру көлемінің 11,9%-ға ұлғаюына байланысты. Өңдеу өнеркәсібінде металлургияда өсу үрдісі сақталуда – өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 28,2%-ға, машина жасауда - астық жинайтын комбайндар шығарылымы 1,7 есе, тамақ өнімдерін дайындауда - өсімдік майы 1,6 есе және сары май 32,5%-ға, ет 17,4%-ға, сүт 10,1%-ға ұлғайды. Өңірлер бөлінісінде НКИ-нің ең көп өсуі Бурабай, Қорғалжын, Шортанды аудандарында байқалды», - деді А. Шүгірмақова.

Спикердің айтуынша, етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде ағымдағы жылы 2,6 мың бас етті ірі қара мал және 5 ЕТФ сатып алумен 46 жергілікті ферма құрылды. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады. 5,4 мың тонна көлемінде тауарлар қоры, тұрақтандыру қорында - 616 тонна, «айналым схемасы» шеңберінде - 4,8 мың тонна өнім қалыптастырылды. 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Қорытындылай келе, облыс әкімі көрсеткіштерді орындау бойынша бірінші позицияларды ұстап тұру үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Облыста қолайлы инвестициялық ахуал құрылуы тиіс. Сондай-ақ индустриялық секторды, бірінші кезекте - өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды жалғастыруымыз керек. Сонымен қатар, Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген жеке инвестициялық жобаларды бақылауды жүзеге асыру және оларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Елордалық аймақтың жоғары инвестициялық әлеуетін пайдалануымыз керек.

«Облыстық басқармалар өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп артта қалуға жол берілген позицияларды талдасын, жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қолдансын», - деді Марат Ахметжанов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *