«Өмірбақи солай жүретін адам сияқты»: Керімбекова жас әріптесіне ренжулі
Фотосурет: astanatv.kz
Әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы ашық айтып, оның әншілігін мойындағанмен, адамдық қарым-қатынаста сыйлай алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнердегі кей әріптестерінің кеудесін керіп, амандасудан да қашқақтайтынын меңзеген ол Нұрболат Абдуллинді дәл сол қатарға қосатынын жасырмады.
Оның әншілігін жоққа шығармаймын, өзіндік даусы, үні бар. Бірақ қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Көрсе, өзі де түсінер. Себебі бізде бір жарқырап шыққандар кеудесін аспанға тіреп жүреді. Өмірбақи солай жүретін адам сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілер бар, көріп тұрып көрмегенсіп. Иә, Нұрболатты да солардың қатарына қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын. Әнші деген барынша қарапайым болуы керек қой, – деді Ақбота Керімбекова.
Пікірлер (0)