Қазақ қызы африкалық оқушыларға сабақ беріп жүр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 163
news

Фотосурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Астаналық Данель Берсебаева Сенегал астанасы Дакарда жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Jibek Joly телеарнасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Мен Африкаға 3 ай бұрын өз магистратурам бойынша алмасу бағдарламасы арқылы келдім. Мақсатым тек турист болу емес, қызықты волонтерлік жобамен айналысу болды, деді Данель Bugin LIVE бағдарламасына берген жауабында.

23 жастағы студент қазір балаларға математика, француз тілі, география және ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар мектептерге кеңес құралдарын таратып, құжаттармен жұмыс істейді және демеушілерді тартады.

Айтуынша, оған Сенегалға тез бейімделуге Франциядағы магистрант достары көмектескен. Волонтерлік тәжірибеден бөлек, Данель магистратураны аяқтаған соң өз мамандығы бойынша жұмыс іздеуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік компаниядан ұсыныс түссе, оны қуана қабылдайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *