«Жаулап алды махаббат» әнін Бейбіттен алдық - Мұрат Қожа

Жаңалықтар
view 153
news

Фотосурет: sn.kz коллажы

Әнші Мұрат Қожа көпшілікке жақсы таныс «Жаулап алды махаббат» әнінің қалай шыққанын айтып берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Әнді Бейбіт Қорғаннан қалай алдыңыздар?» деген сұраққа әнші әзілдеп «тартып алдық» деп жауап берді.

Бейбіт бұл әнді студент кезде, жатақхананың дәлізінде гитарамен жиі орындайтын. Біз де курстас болған соң қасына жиналып, тыңдап жүретінбіз. Кейін продюсерлер Нұрлан екеумізге бірге рэп айтуды ұсынды. Сол сәтте Бейбіттің әні есімізге түсті. Продюсерлер бірден ұнатып, «осы әнді аламыз» деп шешті. Осылайша Бейбітпен келісімге келіп, әнді ресми түрде алдық, - деді Мұрат Қожа Qazaqstan ұлттық арнасының «Бәрекелді» бағдарламасына берген сұхбатында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *