Дәурен Айдарқұлов екі әйелмен қатар некеде болғанын мойындады

Жаңалықтар
view 143
news

Фотосурет: instagram.com/daurenaidarkulov

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов подкастқа сұхбатында өміріндегі көпәйелділік тәжірибесін ашық айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бір кезеңде екі әйелмен қатар отбасылы болғанын мойындады. Бірінші әйелімен ресми, ал екіншісімен діни «некеде» болған.

Айтуынша, екінші жарымен фильм түсірілімі кезінде танысқан. Ол кезде актер заңды некеде, үш баланың әкесі болған. Екінші рет үйленгеннен кейін ғана бірінші әйеліне бәрін айтқанын жеткізді.

Болашақта осындай қадамға баруың мүмкін екенін алдын ала ашық айту керек еді. Мен оны жасамадым. Бірінші жарым маған толық сенді, сол үшін өзімді кінәлаймын, деді Дәурен Айдарқұлов.

Сондай-ақ актер депутат Абзал Құспанның көпәйелділікті заңдастыру туралы ұсынысына да пікір білдіріп, мұндай жағдайлар қоғамда онсыз да бар екенін, ал ондай некеде туған балалар кей құқықтан шеттетілетінін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *