Түркістан облысында төбелеске қатысқан басқарма басшысы жазаланады

Жаңалықтар
view 127
news

Фотосурет: gov.kz

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 30 жастағы басшысы Сұлтанғали Жалықұлды төбелеске қатысқаны үшін қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша агенттік департаменті әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 5 желтоқсанда Түркістан облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұлға қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңес шенеуніктің тарапынан болған орынсыз, қоғамға қарсы мінез-құлықты, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалардың бұзылуын анықтаған. Бұл әрекеттердің мемлекеттік органның беделін түсіретіні көрсетілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *