Қандай адамдарға моншаға түсуге болмайды? - маман пікірі
Фотосурет: dzen.ru
Дәрігер Андрей Тяжельников кімдерге моншаға баруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония, онкологиялық сырқаттар, эпилепсия және гепатитпен ауыратын адамдарға моншаға баруға тыйым салынады. Сондай-ақ ішкі ағзалардың созылмалы аурулары өршіп тұрған кезде, қатты тұмауратқанда немесе басқа да жедел қабыну не ірің болған жағдайда моншаға барудан бас тарту керек.
Сондай-ақ Андрей Тяжельников сау адамдардың да моншада қауіпсіздік шараларын есте ұстауы керектігін ескертті. Оның айтуынша, ауаның температурасын төмен деңгейден бастап, біртіндеп көтеру қажет. Әрбір буға түсу сеансын ол 5-10 минуттан артық созбауға кеңес берді. Бұдан бөлек, моншаға арналған бас киім киюді ұмытпау және тер арқылы жоғалған сұйықтықты толықтыру үшін көп су ішу маңызды.
Пікірлер (0)