Лисаковскте 14 жастағы қызды зорлаған депутат өмір бойына сотталды

Жаңалықтар
view 137
news

Фотосурет: дереккөз

Лисаковск қаласында кәмелетке толмаған өгей қызын зорлағаны үшін қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, кәсіпкер А.Д. өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімі жабық режимде шықты. Қосымша мәліметтер жарияланбайды. Тек үкімнің өзі белгілі өмір бойына бас бостандығынан айыру. Сотталғанның есімі де құпия сақталып отыр. Үкім заңды күшіне енгенше оның аты-жөні ресми түрде айтылмайды.

Айып тағылған адам – алкоголь өнімдерін шығаратын кәсіпорынның бас директоры. Қалалық мәслихаттың депутаты болған. Спорттық-сауықтыру қызметтерімен де айналысқан. Ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін бизнес жүргізген. Қайырымдылық жасаған. Мешіт құрылысына қаржы бөлген. Мұқтаж жандарға көмектескен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *