Қайғылы оқиға: Ақтөбе облысында 49 жолаушысы бар автобус аударылып қалды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 136
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында 49 жолаушы мінген автобус аударылып қалды. Соның салдарынан 5 адам сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаны облыстық полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы ұшыраған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

7 желтоқсанда сағат 08:40 шамасында Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылу фактісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі «Самара-Шымкент» автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында көлік құралының оң жаққа аударылуына жол берген. Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жол жүрген Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтекеби аудандық ауруханасына жеткізілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *