«Наурыз қазақтікі емес»: арандатқан жігіт ұсталып, қамалды
Жаңалықтар
188
Фото скрин
Полиция әлеуметтік желіде «Наурыз қазақтың мейрамы емес» деп сөз таратқан жігіттің үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Порталымызға келген ІІМ жауабында жазылғандай, 23 наурызда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында «TikTok» платформасында Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария айтылған пікірлері бар бейнематериал анықталған.
“Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп жауап берді ІІМ.
Пікірлер (0)