Қала маңындағы жолаушылар көлігі маршруттарында кім тегін жүре алады?

Қосшы жаңалықтары
view 229
news

 Қосшы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, өңірімізде тұрақты тіркелген және тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге жңілдіктер қарастырылған.

«Ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға, барлық санаттағы зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Мать-героиня» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Материнская слава» медальдарымен наградталған көп балалы аналарға және төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, 53 жасқа толған, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге  – делінген Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарламасында.

Осы әлеуметтік көмек түрін алу үшін аталған санаттағы азаматтар Астана қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 50/1-үй, мекенжайында орналасқан «City Transportation Systems» ЖШС жеке басын куәландыратын құжатты, әлеуметтік статусын растайтын құжатты, 3*4  фотосуретін алып, жүгінуі қажет.

Динара НҰРАХМЕТ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *