Қала тұрғындарының мәселелері назарға алынды

Редакция таңдауы
view 137
news

Қосшы қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

2023 жылы 5 сәуірде Қосшы қаласы әкімі мен мәслихат депутаттары әкімдікте қала тұрғындарының мәселелеріне жауап берді Қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов, қалалық мәслихаттың төрағасы Әлихан Жұмаханұлы Қуатбеков және мәслихаттың депутаттары бірлесіп өткізген қабылдауға азаматтар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік мәселелер, жер қатынастары, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты сұрақтармен келді. «Баршамызға белгілі жай шағын және орта бизнес өз даму жолында тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мәселелерге де кезігеді. Солардың ішінде өз шешімін күтіп тұрған заң актілерімен қатар мемлекеттік қолдау мен тиісті бағдарламаларды дұрыс қолдану да кіреді. Осы сұрақ төңірегінде 6 сәуір «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы екінші деңгейлі банктен несие алу шарттарын түсіндіру бойынша бизнес тренинг те өткен болатын. Бұл жоба Қосшы қаласының кәсіпкерлеріне таптырмайтын мүмкіндік, деді қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы туралы сұрақтарға қалалық мәслихаттың төрағасы Әлихан Жұмаханұлы Қуатбеков: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті» деді. Қала тұрғындарының барлық мәселесі назарға алынды. Әлеуметтік сұрақтарға азаматтар тиісті жаубын алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *