Қалаға стэлла орнатылды
Қосшы жаңалықтары
294
25 қазан күні Қосшы қаласында қала кіреберісіндегі стэлланың ашылуы салтанатты түрде өтті. Жиынға қаланың әр қуанышына ортақтас болатын тұрғындар мен қала жанашырлары қатысты.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Гайдар Қасенов қала тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, стелланың маңызына тоқталды. Өңірлерде күн сайын өндірістер ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болып, елдің әлеуеті жақсаруда. Қосшы қаласы да қарқынды дамудың көшіне ілесіп, жаңарып жатыр. Мәселен, осы стелланың ашылуы да тарихи оқиға. Соңғы кездері өңірлерде әртүрлі композициялық стеллалар мен басқа да эстетикалық мәні бар нысандар бой көтеріп, шырайландыра түсуде. Бұл стэлла да Қосшы қаласының көркін аша түспек. Стэлла қошылық кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрғызылды.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жол жиегінде табылды
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда ұлттық рухты ұлықтаған ауқымды іс-шара өтті
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда жас жұбайлар референдумда дауыс берді
Пікірлер (0)