Республика күні: қосшылықтар марапатталды

Қосшы жаңалықтары
view 116
news

Биыл мемлекеттік марапаттау салтанатты шаралар Республика күні қарсаңында ұйымдастырылды. Осыған орай Ақмола облысы Қосшы қаласында да елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Қосшы қаласының тұрғыны Айсұлу Тани Мемлекет басшысы Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Айсұлу Тани – Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі,  композитор, «Bonus art» балалар шығармашылығын дамыту орталығының директоры. Сонымен қатар Республика күні ұлттық мерекесіне орай облыс орталығы Көкшетауда өткен салтанатты жиында Қосшы қаласының білікті дәрігері Бақытгүл Райымбекқызы «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды. Ал Қосшы қаласында да бұл айтулы күнге орай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаладағы IT мектеп-лицейінде өткен шарада қала басшысы Гайдар Қасенов қаланың арда азаматтарын марапаттап, ізгі лебізін білдірді. Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың және қала әкімінің «Құрмет грамоталары» мен алғысхаттарын табыс етті. Қосшы қаласының бес саусағынан өнер тамған шеберлері Асқат Бозымбай мен Нұржан Ділманов Республика күніне орай «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Қосшы қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен» 31 адам марапатталды. Ерекше ықыласқа ие болғандар: Нұрсұлу Қарамұрзина, Жанагүл Ердекешова, Әсия Есенжанова, Әсем Айтбаева, Бибігүл Төкенова, Серік Оспанов, Нариман Бехтеолов, Бақытбек Қадыр, Толқын Сейітова, Ерлан Жүнісов, Саниям Казенова, Данияр Каймолдин, Нұрдәулет Касенов, Бәкір Асқаров, Елғаділ Әбжал, Самат Кубитаев, Толқын Алшынбаева, Жаннұр Бүркітова, Қымбат Мыналимова, Қайрат Палманов, Өміржан Түлкібаев, Әйгерім Шұғай, Темірхан Абдыкашев, Марат Айтжанов, Нұрсұлу Боранбаева, Жандос Ильясов және Күлбаран Наурызбаева. Ел бойынша аталып өткен айтулы күнде қаламызда мерекелік концерт және көрме ұйымдастырылды. Барлық марапатталған азаматтарды Ұлттық мерекемен құттықтаймыз.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *