Қосшы жастары Ақмола облысының жастарына эстафета жолдады
Қосшы жаңалықтары
203
Баршаңызға мәлім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жалпыұлттық «біз табиғаттығы қоқысқа қарсымыз» атты экологиялық акциясын қолдауға шақырған болатын.
Табиғатты таза ұстау адамзаттың парызы.Бізде Қосшы қаласының жастары өз азаматтық ұстанымызды білдіріп, бұл акция қатысып және барша жастарды қатысуға шақырамыз.
Сондай-ақ бұл акцияны челлендж эстафета ретінде Ақмола обылысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Мұхтарқызына, Целиноград ауданы Жастарының басшысы Жания Маратқызына, Жарқайын ауданының жастарының басшысы Шынболат Айтқалиұлына, Біржан Сал ауданы жастарының басшысы Арман Жасырбайұлына жолдаймыз сонымен қатар барша Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының басшыларына жолдаймыз.
Біздің бұл бастамамызға сіздердің тараптарыңыздан қолдау табатынымызға сенеміз.
Қосшы қаласы жастар ресурстық орталығының жастары қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, рухани құндылықтарын арттыру, патриоттық сезім қалыптастыру, белсенді өмірге тарту мақсатында үздіксіз жұмыстар атқарып отырады.
Солардың бірі қыркүйек айында қаламызда тұңғыш рет "Жалынды Жастар- елдің жарқын болашағы" атты жастар форумын өткізді.
Форумға Парламент Мәжілісінің депутаты- Генадий Шиповских, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар саясатын үйлестіру» басқармасының басшысы Ақұлан Тастемір, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші спортшы Ибрагим Ескендір, әлемдік рекордшы, спорт шебері Темір Спатаев, Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Олжас Сүлейменов, Street Workout Kazakhstan қозғалысының негізін қалаушы, Республикалық TARTYL FEST жобасының бас ұйымдастырушысы, әлемдік рекордсмен, актер Айтум Жакупов, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары С. Кенже баласы, Ақмола облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева және Республикалық ұйым басшылары, Ақмола облысы аудандарының Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, ЖОО жастар төрағалары мен қала жастары қатысты.
Бұл форум алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
2021 жылдың 27 шілдесінде Президент жарлығымен Қосшы қаласына облыстық маңызы бар қала статусы берілді. Осы уақыт аралығында көптеген іс атқарылып, елді мекен қала атағына лайықты екенін дәлелдеп келеді
Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығы
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)