Қарағанды мектептерінен жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілер табылды

Жаңалықтар
view 56
news

Қарағанды облысының мектептерінде медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері бойынша заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды janabastau.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

«Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Осыған қарай тиісті шаралар қолданылып, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалды», - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *