Қараторғайлардың хәлі қалмап еді, суық торғайлар да сорлап жүр
Руханият
708
Кезінде Ауғанның сұр тұмсық сұрықсыз торғайлары елді мекенге қаптап, қазақы қанды қара торғайларды ту-талақай жалмап, қадірін қалтырмай, тұқымын тұздай құртып еді. Ол аз болғандай әпжыландардан, аждаһалардан азған, азып-азып қара шегірткеге айналғандар қараторғайдан тұқымдыққа қалған көбелек, инелік, ара, әр маусымда елін, жұртын, ұясын қорғап, тастамай қадағалап, шыр-пыр болатын суық торғайларды сорлатып жүр. Бұл сұрықсыздар босағадан шырылдап кіріп төр менікі деп тамырыңды қиып, қаныңды шашып, асыңды ішіп, аяғыңа тышып, тайраңдап, ойына келген ойранын салып жүр. Айналайын, қиядағыны шалатын қырандар, азуын айға білеген көкбөрілер, жүрген жеріне жан баласы аяқ баса алмайтын барыстар, көре тұрып қалай көрмеске саласыңдар?! Біле тұрып қалай білмес боп қаласыңдар ? Аң патышасы арыстан қой бағып кеткен бе? Қара құрттай қаптаған қара шегірткелерді қорғайды екен-мыс, қатқанының қара шекесіне қорғайма бұл найынсаптарды. Тиым қайда? Қара торғайлармен суық торғайлар өз ұясын қорғау үшін бұл сумақайларға соқтықса, темір торға қамалады екен. Он сегіз жылға сотталады екен. Аққу мойын, қаз билер айтқан қарағай басын шортан шалар деген сумақы заман осы ма, әлде?! Болмаса, біздің сонау ықылымнан жалғасқан бура жын, от кие, таусоғар тәуіп, аю арқа, алты таспа қамшы иелерімізді, қара шегірткенің сапалақ сайтандары дуалап алғанба?! Дәруіш дәуренде құзғын құмайларға жем болмаған қараторғай, суық торғайлар занталақ заманда арттарын қысып зым-зия жоқ бола ма ?! Көктем келсе де күз болып тұрған бұлбұл күндер өз қандастары қара торғайларды, суық торғайларды қорғамаған қауғабастарға ерегесіп жылынбай тұрған болар...
Біз жыл құстарымыз! Өзімізді өзіміз қорғай білмесек, қорғансыз қалғанмен қоймай ұясыз қаламыз. Ұясыз қалсақ айыр тілді балапандар шаян тілді шатбақтарға азып кетеді. Қараторғайлардың қадірі қалмап еді. Суық торғайлар сорлап жұр..
Сорламайық! Қорғанайық!
6 маусым 2023
Хамит Әлешұлы
Пікірлер (0)