Қателесіп дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма

Жаңалықтар
view 73
news

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады. «Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады», - дейді Айгүл Қалықова. Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті. «Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі»,- деп ескертті ол.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *