«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Биыл жаңа форматтағы 140-қа жуық мектептің 7 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда оқыту нәтижелерін бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізіліп жатыр.
Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға арналған жеке ұсынымдар беріледі. Алдағы уақытта вебинарлар, семинарлар, шеберлік сабақтар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, «Келешек мектептерінің» педагогтері LMS платформасы арқылы онлайн оқудан өтті. Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтиды: бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих. Өткен жылы дәл осындай біліктілікті арттыру курстарынан 35 мектептен 2 мыңнан астам педагог өтті.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)