Кәмелетке толмағандардың қылмысын қалай құрықтауға болады?

Жаңалықтар
view 478
news

9 қаңтар күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің төрағалығымен Ұлу жылының алғашқы аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде бүгінде күйіп тұрған мәселе – кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқықбұзушылық ахуал және білім беру мекемелерінде оның алдын алу мақсатында атқарылыл жатқан шаралар тақырыбы талқыланды. Бірінші баяндамашы Қосшы қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жасур Мәжитов 2023 жылы жасөспірімдер 1 қылмыс жасап, кәмелетке толмағандарға қарсы 4 қылмыстық іс жасалғанын мәлімдеді. Әйтеуір былтыр жас балалар тарапынан ұрлық-қарлық, адам тонау оқиғалары орын алмаған. Әйтсе де кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған 4 қылмыстық істің үшеуі жыныстық жуыспаушылыққа қол жүгіртушілік, яғни қатынасқа мәжбүрлеу болып отырғаны шошытады.

–Кәмелетке толмағандар ара - с ы н д а ә к і м ш і л і к ж ә н е қ ы л м ы с т ы қ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері апта сайын демалыс және мереке күндері қала аудандарын аралап, рейдтік шолулар жүргізеді. Есепті мерзім ішінде осындай 135 іс-шара ұйымдастырылды, – дейді Ж.Мәжитов.

Оның барысында балалардың, олардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің немесе басқа ересектер тарапынан жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 3 бала балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Ювеналдық полиция инспекторлары ПБ есебіне 17 «қиын баланы», тұрмысы нашар 10 отбасыны (олардың балаларының саны – 23) есепке қойды. Өз міндетіне дұрыс қарамаған 17 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 адам ата-аналық құқынан айырылды. Қосшы қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында құқықтық, оның ішінде жыныстық жуыспаушылық тақырыбында 20-ға тарта кездесу, әңгімелесулар өткізілген. БАҚ-та 20-ға жуық ақпарат берілген (ПД, УМПС, әкімдіктің ресми сайттарында, интернет-ресурстарда). Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда көңіл көтеру мекемелерін, бос тұрған ғимараттарды аралайды. 2024 жылдың қаңтар айының осы 10 күні ішінде 3 жасөспірім және 2 тұрмысы нашар отбасы полиция бөліміне есепке қойылды.

– Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелейтін ықтималды себептер мен шарттарды жою мақсатында ювеналдық полиция Қосшы қаласының білім бөліміне 1 ұсыным жолдады,– деді ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жасур Мәжитов. «Білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылған шаралар» туралы әңгімелеген Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы Қанат Ахметов 2023-2024 оқу жылы тәрбие жұмысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жүргізілетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар министірілік «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын әзірленген. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс қаланың білім бөлімінің ерекше бақылауында және білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары түрлі әдіс-құралдармен жүргізіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мақсатты жоспар жасалған. Мектептер құқық қорғау органдарымен – кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларымен, денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз жұмыс істейді, – деді Қанат Есенбекұлы.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді-мақсатты бағдарлама әзірленіп, бекітілді. Оны іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектептерде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің, психологиялық қызметтердің, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің, ата-аналар комитеттерінің және оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысы ұйымдастырылды. Құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың тиімді алдын алу өскелең ұрпақтың адамгершілік денсаулығын қорғаудың маңызды шарты болып табылады. Мектептерде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың тиімді алдын алу мақсатында сынып сағат өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкоголизмнің, нашақорлықтың және құмарлықтың алдын алу мақсатында мектептерде әлеуметтік-психологиялық анкета жүргізіледі. Оқушылармен әңгімелесулер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, психоактивті заттарды қолдануға төзімділіктің әлеуметтік-психологиялық дағдыларын қалыптастыру бойынша тренингтер, нашақорлықтың алдын алу бойынша тиісті кино, бейнематериалдар, әлеуметтік бейнероликтер көрсету жүргізіледі. Тестілеуден және диагностикалық тексеруден өздерінің ниет білдіруі және атааналарының келісімімен барлық мектептің оқушылары өтті. Диагностикалық тексерулер жүргізу кезінде есірткеге қатысы бар оқушылар анықталған жоқ.

2023 жылда мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, психологтардың, бөлім әдіскерлерінің қатысуымен қалалық 10 семинар өткізілді, онда есірткі мен зиянды заттарды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу мәселесі қаралды, – деді Қанат Ахметов.

Мектепішілік есепте тұрған барлық оқушы мектептің электронды картасының базасында орналастырылған. Есепте тұрған оқушылардың қайталама құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысады, түрлі іс-шаралар мен конкурстар және спорт секцияларына қатысады. Балалар қылмысы мен жыныстық қол сұғылмаушылық деңгейін төмендету жөніндегі шаралар мектеп әкімшілігі, білім бөлімі, ИДН және қалалық емхана бірлесіп жүргізеді. Қанат Есенбекұлының айтуынша, мектептерде жас полиция көмекшілерінің отрядтары мен жас жол инспектор сақшылары құрылды. Олармен ережелері мен жұмыс жоспарлары әзірленген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссия отырыстары айына екі рет немесе қажеттілігіне қарай өткізіледі. Олар көшпелі отырыстар, қолайсыз отбасыларға бару және тексеру арқылы рейдтер жүргізеді. Өткен жылы мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен медицина қызметкерлері қалалық емхана және полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп «Құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинарлар ұйымдастырды. Оқушылар уақыттарын пайдалы өткізу үшін қаланың барлық мектептерінде 7 пікір-сайыс дебаттық клубтары жұмыс жасап келеді. Аталмыш клубтар баланың ой-өрісін, мінезін, ұмтылысы мен уәжі дамытуға бағытталған бағдарламалармен қамтылған. Оқушылар арасында мектепшілік және қалалық турнирлер ай сайын ұйымдастырылады. Дебат клубының жетекшілермен айына бір рет кездесулер, семинарлар, дөңгелек столдар өткізіліп тұрады. Аппараттық кеңес соңында қаланың тұрмыс-тіршілігімен байланысты басқа да ағымдық мәселелер талқыланды. Гайдар Қабдоллаұлы атқарушы билік өкілдеріне халықтың мұң-мұқтаждығына жіті қарап, арызданушының әрбір сауалы бойынша жөн сілтеп, заң аясында әрекет етудің маңыздылығын ескертті.

Дәулет АСАУ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *