Кәсіпкерлік қызметте сауаттылық маңызды

Жаңалықтар
view 135
news

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу –  бөлімдегі менің атқаратын негізгі қызметтік міндеттерімнің бірі.    Жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс. Жарнама тілін реттеу мақсатында қаламызда ай-сайын, тоқсан сайын «Сауатты жарнама» акциясы тұрақты жүрігізіледі. Акция барысында кәсіпкерлерге «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес ақпараттық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Осы жолы қала тұрғындарының басым бөлігін ас атасы – нанмен қамтып отырған «Қосшы нан» наубайханасының өнімдеріне де бір тоқталып өттік. Қосшы қаласындағы «Қосшы нан» наубайханасы өнімі – өтімді, жарнамасы – сауатты кәсіпорынның бірі. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан наубайханада нан өнімдерінің 15-16 түрі бар. Олар – нанның бірнеше түрін пісірумен қатар, тәтті тоқаштар және де ұннан жасалатын басқа да өнімдерді дайындайды. Барлық өнімнің сыртындағы ақпарат тұтынушыларға түсінікті, алдымен мемлекеттік тілде, содан соң өзге тілде жазылған. Кәсіп түбі – нәсіп. Ісім – ілгері болсын десеңіз тұтынушыға сапалы өнім ұсынып қана қоймай, оның аталуын заң талаптарына сай сауатты жазудың да маңызы зор. Мемлекеттік тілге құрмет әр азаматтың ісінен, адал кәсібінен көрініс тауып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

Шолпан Санақбай,

Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *