«САУАТТЫ ЖАРНАМА» акциясы жүргізілді

Жаңалықтар
view 57
news

Қаламызда 28-29 ақпан күндері «Сауатты жарнама» акциясы жүргізілді Қосшы қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылықты жолға қою мақсатында қаладағы кәсіпкерлік нысандарында «ҚР тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. 28-29 ақпан күндері қаламыздың кіре берісіндегі Республика көшесі және Қарқаралы тас жолының  қиылысында орналасқан автокөліктерге қажетті бөлшектер сататын дүкендерге, жөндеу жұмыстарын жүргізетін орындардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Республика көшесінің бойында орналасқан «Восточная кухня» кафесі, «Люкс» моншасының ішкі-сыртқы ақпараттарының тек орыс тілінде жазылғаны анықталып кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кез-келген ақпаратты ілер алдында Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мамандарына жүгініп, мәтінді сауатты, әрі тегін аудартып алуға болатынын жеткіздік. Кәсіпкерлерге бірлесіп жұмыс жасау үшін жедел желі телефоны: 8 (7172) 607-785 (ішкі 604)  WhatsApp 8 747 580 20 88 ұсынылды. Құрметті қала тұрғындары және кәсіпкерлер! Жарнама беруде жауапкершілікпен қарап, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтайық! Түсіндіру жұмыстарының мақсаты осы саладағы кемшіліктерді түзетуге, маңдайшалардағы орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық қателерге жол бермеуді, жарнаманың эстетикалық талғамын, стильдік ерекшелігін қалыптастыра отырып қала тұрғындарын мемлекеттік тіліміздің жанашыры ретінде бірлесе жұмыс жүргізуге шақырамыз!  

Шолпан Санақбай

Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *