Қосшы қаласында «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» шеңберінде бизнес тренинг өтті

Экономика
view 825
news

2023 жылы 6 сәуірде Қосшы қаласы әкімдігінің ғимаратында «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» шеңберінде бизнес тренинг өтті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ- кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бағдарламасы Қосшы қаласының кәсіпкерлерін де қамтиды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Банк центр кредит АҚ спикерлерінің катысуымен өткен бизнес тренингке Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының кәсіпкерлері қатысты. Шараны Қосшы қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Байқасов Фархат Ертайұлы жүргізді. Банк Центр кредит өкілі Төлеуқұлов Ернар Бәкенұлы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілі Абылкасымова Алия Нурлановна тренингке қатысушы кәсіпкерлердің бағдарламалар бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. 35 жылдан бері үзіліссіз қызмет өтеп келе жатқан, Астана қаласы бойынша Халық банктен кейінгі екінші орында тұрған Centrcredit банк бөлімшесінің Қосшы қаласына орналасып, жұмыс бастағанына бір жылға жуық уақыт болғандығы айтылды. Жиында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының менеджері Сансызбаева Әсем баяндамасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға арналған бағдарламар туралы, соның ішінде негізгі құралдары пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру және ЕДБ, МҚҰ, ЛК аркылы жеңілдетілген несие туралы қысқаша мағлұмат айтты. Қосшы қаласындағы орта және шағын бизнес өкілдері мен кәсіпкерлерді қолдаудың ыңғайлы жолы мен дамуына тиімді бұл жоба алдағы уақытта өз өнімін береді деп сенеміз.  

Jańa Bastau газеті

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *