«Кешір бізді, уа, Мұқа...»: Балғынбек Имашев Мұқағали Мақатаевқа өлең шығарды

Жаңалықтар
view 214
news

Коллаж: aikyn.kz

Айтыскер Балғынбек Имашев ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа өлең шығарып, ақынның рухынан кешірім сұрады, – деп хабарлайды janabastau.kz.

Балғынбек Имашев ақынға арнаған өлеңін Instagram парақшасында жариялады.

«Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,

Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.

Тазалауға қоғамды немқұрайлы,

Жазалауға бәріміз лайықтымыз!

«Жас қайың» боп мың көктеп, мың солдыңыз,

Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз?

Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған,

Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!

Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа,

Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.

Ақша адамды аздырып айуан қылды,

Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *