«Кез келген еркектің арманы»: Танымал актер екінші әйел алу туралы ойын айтты
Сурет: Әлеуметтік желі
Танымал актер Шерхан Пірназар екінші әйел алу туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.
Шерханның айтуынша, екінші әйел алу үшін онымен бірге келетін қиындықтарға да дайын болу керек.

«Екінші әйел алу кез келген еркектің арманы мен қиялында бар. Десек те оның барлығына уақыт жауап береді. Бірақ алмаймын, алғым келмейді. Не істеймін оны? Онсызда мәселе көп. Мәселенің үстіне мәселе қосқым келмейді. Соның барлығына төтеп бере алсаң, алуға болады», — деді актер.
Шерхан Пірназардың бұл ойын жақтырмай, қарсы пікір жазып жатқандардың қарасы көп.
«Бірден жоқ деп айту неге қиын», «Бір әйелді жетістіріп алыңдаршы», «Қойшы, алғың кеп тұр ғой», «Екеу түгіл біреуін асырай алмай жүргендер бар», «Актерларда онсызда жетеді ғой», «Ұзын сөздің қысқасы — кетәрі емес», «Әйелімнен қорқамын десейші», — деді олар.
Пікірлер (0)