Кез келген қазақстандық мемлекеттен 157 мың теңге сыйақы ала алады
Фото: gov.kz
Әрі жыл соңына дейін депозитін 786 мың теңгеге толтыру сұралады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
2025 жылы "Отбасы банкінде" депозиті бар азаматтар үшін мемлекет беретін сыйақының ең жоғары мөлшері 157 280 теңгені құрап отыр. Осы орайда, "сыйақы қалай есептеледі?" деген заңды сауал туындауы мүмкін. Негізінен, мемлекет салымшының 1 жыл аралықта жинаған қаражатының 200 АЕК-ке дейінгі бөлігінің 20%-ын сыйақы етіп береді. 2025 жылғы 200 АЕК дегеніміз 786 400 теңгені көрсетіп тұр.
Нақты мысал келтірейік. Егер салымшы өз депозитіне 2025 жылы 500 000 теңге жинаған болса, 100 000 теңге мемлекеттік сыйақы ала алады. Демек, 10 000 теңге салса, 2 000 теңге сыйақыға ие болады. Бір ескере кетерлігі, 1 000 000 жинаса да, 157 280 теңгеден артық берілмейді. Банк өкілдері мұндай жағдайда отбасылық пакет ретінде бөлек-бөлек депозит ашуға кеңес береді.
Маңызды шарттар:
– Максималды сыйақы алу үшін 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін депозитте кемінде 786 400 теңге болуы керек;
– Мемлекеттік сыйақы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында есепшотқа түседі.
Қаржы сарапшылары алдағы жылдары мұндай қолдаудың жойылуы немесе шарттары өзгеруі мүмкін екенін ескертеді. Сол себепті, баспаналы болғысы келіп жүрген кез келген қазақстандық 2025 жылғы осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға асығуы керек.
Пікірлер (0)