Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қосшы жаңалықтары
view 257
news

9 қаңтар күні қалалық әкімшіліктің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар қала әкімінің орынбасары Әлихан Қуатбеков, "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің" басшысы Валерий Асамбаев, "Жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің" басшысы Әсет Мұханов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабділбар Абақов, «SAF-2013» ЖШС-нің директоры Жанұзақ Ерікұлы, «АРЭК-Энергосбыт» АҚ-ның Целиноград бөлімшесінің бастығы Игібай Орынбайұлы және т.б да ЖШС мен меншік иелері бірлестіктерінің (ОСИ), ПИК (КСК) төрағалары, қала белсенділері қатысты.

 Қоғамдық кеңестің төрайымы С. Матайбаева ашқан жиында басты 3 мәселе қаралды. Олар:
1. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметтерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету туралы;
2. Қосшы қаласының санитарлық жағдайы туралы, оның ішінде қоқысты уақтылы шығару туралы;
3. Қосшы қаласындағы автомобиль жолдары мен көпқабатты тұрғын үй кешендерінің кірме жолдарын қардан тазарту туралы.
Алғашқы екі мәселе бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің» басшысы В. Асамбаев мәліметтер берді. Үшінші сұрақ бойынша отырысқа қатысушылар өз сауалдарын «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы» Ә. Мұқановқа қойды.
Отырыста қаралған 3 мәселе де барша қосшылықтар үшін өзектілігі маңызды болғандықтан жиынға қатысушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын тікелей тиісті бөлім басшыларына жолдады.Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері қаладағы электр жарығы, қоқыс қалдықтарын тазалау, уақытында шығару, жолдар мен аулаларды қысқы маусымдағы қардан тазалау мәселелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Отырыстың соңында қаралған мәселелер бойынша айтылған барша ұсыныстар назарға алынып, Қоғамдық кеңестің Хаттамалық шешімі қабылданды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *