Қоғамдық кеңес жұмыс қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
view 275
news

Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесі 2023 жылы 18 отырыс өткізіп, онда 62 мәселе қаралды. Оның ішінде: Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бойынша 23 мәселе. Атап айтқанда, 19 мемлекеттік органның басшылары мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларының есебі тыңдалды, мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің 24 жобасы қаралды, жүргізілген қоғамдық мониторингтардың нәтижесімен 10 қоғамдық тыңдау өткізілді. Жалпы, қоғамдық кеңес отырыстарында азаматтардың мүдделерін қозғайтын 14 мәселе талқыланды. Қосшы қаласындағы күрделі болып саналатын халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты ауыз су, электр жарығы, жол және денсаулық саласына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Есепті уақытта 10 қоғамдық тыңдау өткізілді: Қосшы қаласында халыққа қызмет көрсету және жедел медициналық көмек көрсету бойынша қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде қоғамдық мониторинг жүргізу, Қосшы қаласындағы автомобиль жолдары мен көпқабатты тұрғын үй кешендерінің кірме жолдарын қардан тазарту туралы бөлім басшысының есебін тыңдау, «Қызмет этикасы нормаларын сақтауды қоса алғанда, қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы туралы», 2023 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы есебін тыңдау, Қосшы қаласындағы мектептерде оқушыларды тамақтандыру мәселесі бойынша (оның ішінде №2 орта мектептегі жағдайға қатысты) тұрғындардың өтінішін қарау туралы, Мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы, Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы бас инспектордың есебін тыңдау туралы, «Орда құрылыс А» ЖШС лицензияланған ұйымына электрмен жабдықтау желілерін беру туралы ақпараттандыру, Қосшы қаласында көшелерді 2023 жылғы қыркүйек айында жолдарды тегістеу және грейдерлеуге келісім беру туралы, Қосшы қалалық жедел жәрдем стансасының қала тұрғындарына көрсететін қызметінің сапасы туралы, 2023 жылдың екінші жарты жылдығында мемлекеттік мекемелермен көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасы туралы. Есепті кезеңде 19 мемлекеттік органның басшылары мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларының есебі тыңдалды. Атап айтқанда: «Тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметтерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету туралы», «Қосшы қаласының санитарлық жағдайы туралы, оның ішінде қоқысты уақытылы шығару туралы бөлім басшысының есебін тыңдау», «Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы туралы», «Жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау мәселесі бойынша және қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде инвестициялық ахуалды іске асырудың орындалу барысы туралы», «Бас жоспардың өзгеруіне қатысты және бас жоспарға сәйкес қала аумағындағы құрылыстардың жүру барысы туралы», Салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар және Қосшы қаласы бюджетінің кірістерін ұлғайту бағытындағы жұмыс туралы, Халық арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысын тыңдау туралы, Ауылшаруашылығын дамыту мәселесі, оның ішінде Тайтөбе ауылы бойынша жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын тыңдау, 2022 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау, Қосшы қаласының автомобиль жолдарының жай-күйі, жөнделуі, құрылысы және күтімі туралы бөлім басшысының есебін тыңдау, Төтенше жағдайлар кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Қосшы қаласындағы білімнің сапасы және 2023-2024 жылдарға жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы, Қоғамдық тәртіпті сақтау және қалада қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қосшы қаласы полициясы басшысының жұмысын тыңдау туралы, Қосшы қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттердің атқарылуы туралы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдау, Әлеуметтік сала объектілерінің 2023-2024 жылғы жылу беру маусымына дайындығы туралы, Қосшы қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың сапасы туралы, Мектептер, балабақшалар, емханалар құрылысының барысы туралы, сондай-ақ спорттық сауықтыру орталықтарының, Мәдениет үйін, Өрт сөндіру депосын және т.б. перспективалық жоспарлар туралы, Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты отбасылардың мұқтаждығын анықтау, халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау туралы бөлім басшысының есебін тыңдау, Қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасы және азаматтардың өмір сүру ұзақтығының негізі ретінде медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің өсу деңгейі туралы. Сондай-ақ мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың 24 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды, мысалы: «Қосшы қаласында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихаты шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласы әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі «Қосшы қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 04-01 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қосшы қаласы әкімінің шешімінің жобасын қарау туралы, Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің «Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 «Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қаулысының жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 57/12-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихаты шешімінің жобасын қарау туралы, «Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №123-/25-7 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласының мәслихаты шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихаты шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласы мәсмлихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №46/11-7 «Қосшы қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының шекараларын бекіту туралы» Қосшы қаласы әкімдігінің Қаулысы мен Қосшы қаласы мәслихатының бірлескен шешімінің жобасын қарау туралы», Қосшы қаласы мәслихатының «Ақмола облысы Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының аумағында жергілікті қоғамдық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының «Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №123/25- 7 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын-үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы, «Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №123/25-7 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №123/25- 7 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы мәслихатының «Ақмола облысы Қосшы қаласының бас жоспарын (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекіту туралы» шешімнің жобасын қарау туралы, Қосшы қаласы әкімдігінің «Ақмола облысы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау туралы, «2023-2024 жылдарға арналған Қосшы қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» Қосшы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы», «Қосшы қалалық мәслихатының «2024- 2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» Қосшы қалалық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы.

Сайра Матайбаева, Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *