«Көк ала торғайдай сабап кеткен»: Серік Сәпиевті көшеде көйлегін жыртып, сабап кеткені белгілі болды

Жаңалықтар
view 142
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қатысты ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті. Оның орынбасары тарапынан соққыға жығылғаны жөніндегі мәліметке байланысты спорт журналисі Бек Төлеуов пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист жазбасында өткен жылдардағы ұқсас оқиғаларды еске алып, қазіргі жағдайдың өзгеше екенін атап өтті.

Баяғыда Ермахан Ибрайымовты ұрды дегенді естіп едік. Оған 25 жыл болды. Заман басқа. Бандиттердің дәуірі. Бұл жолы мемлекеттік қызметте жүрген Сәпиевті көйлегін шешіп, костюмін жыртып, көшеде көк ала торғайдай сабап кетіпті. Ұрған бөтен емес. Орынбасары екен», – деп жазды ол. 

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ.

Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *