«Папамның қасына сен де кеттің»: Алтынай Жорабаева қара жамылды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасына түскен ауыр қайғыны әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, оның қайнысы Әли Тұралыұлы 2026 жылдың 14 қаңтарында жол-көлік оқиғасына түсіп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Марқұм алты күн бойы комада жатып, 20 қаңтар күні өмірден өткен. Ол 41 жасқа толуына небәрі төрт күн қалғанда апатқа ұшыраған.
"Қайным, Әли Тұралыұлы, 41 жасына толуына 4 күн қалғанда жол апатына ұшырап, 6 күн комада жатып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын", – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Жазбадағы жүрек ауыртар жолдардан марқұмның әкесінің де өмірден ертерек өткені аңғарылады.
Бұл хабар жұрттың көңілін босатып, әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесіне және отбасысына қайғыра көңіл айтуда.
Пікірлер (0)