Көкшетауда қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін үшжақты меморандумға қол қойылды
Сурет: Ашық дереккөзден
«Әділдік және өркендеу» қорының Ақмола өкілдігі, Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы және мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тұрақты әлеуметтік әріптестік құру және еңбек жағдайларын жақсарту үшін меморандумға қол қойды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою шарасына Ақмола облысындағы «Әділдік және өркендеу» қорының басшысы Бақыт Смағұл, Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Амангелді Смайылов қатысты.
Меморандумның негізгі міндеттеріне әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде орнықты әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты құру кіреді.
Пікірлер (0)