Көкшетауда ХҚКО-ның бұрынғы маманы шетелдік көліктерді заңсыз тіркеп келген

Жаңалықтар
view 41
news

Көкшетау қаласында шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер анықталды, – деп хабарлайды janabastau.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, 2 адамның жалған төлем құжаттарын пайдаланып, алымдарды төлемей шетелдік көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

– Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын – шамамен 449 млн теңге, – деп жазылған хабарламада..

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *