Көкшетауда патриоттық акция өтті
Жаңалықтар
180
Бүгін Ақмола облысында мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті. Шараға облыстың құрметті тұрғындарды, үкіметтік емес ұйымдар және облыс жастары қатысты.
Мемлекеттік әнұранды жанды дауыста шырқаумен басталған патриоттық акция, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтау сөзімен жалғасты.
Әкім тарих қатпарында жатқан халықтың тәуелсіздік туралы сан ғасырлық арманының бейнесі ретінде ел рәміздерінің маңызы жайлы айтып, мемлекет үшін құндылығын түсіндірді. "31 жыл бұрын біздің еліміз мемлекеттік рәміздерді қабылдады және бұл күн жас егемен мемлекеттің маңызды оқиғаларының біріне айналды. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, және Мемлекеттік Әнұран - бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттары, онда Отанға қызмет етудің жоғары мұраттары, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрлерін құрметтеу жатыр", - деді Ермек Маржықпаев.
Акцияда «Жыл патриоттары» сыйлығының 20 номинатын марапаттады. Ақмолалық батырлар, еріктілер, халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары сый-сыяпатқа бөленіп, мадақталды. Оның ішінде Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясының оқушысы, Афинадағы «WADA – 2023» Ашық әлем чемпионатының жеңімпазы, Мәскеудегі Халықаралық би олимпиадасының лауреаты, акробатикалық биден Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері сегіз жасар Ахмет Лейла бар.
Пікірлер (0)