Қонаевта аға прокурор ұсталды
Жаңалықтар
53
Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Біз 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың ұсталғанын растаймыз, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)