Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 73-бап

Жаңалықтар
view 177
news

Конституциялық реформаға ұсынылған баптардың тағы бірі – 73-бап. Конституциялық кеңестің міндеттері мен құқықтарын айқындайтын бапқа аса көп өзгеріс жасалған жоқ. Бұған дейін жазғанымыздай баптағы «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен алмастырылды. Яғни бұдан былай елімізде Конституциялық кеңес емес, Коснтитуциялық сот жұмыс істейтінін осы баптан да айқын байқауға болады. 73-бапқа енгізілген екінші өзгеріс арқылы Конституциялық сотқа жолданған өтініштің қарау мерзімі анықталады. Бұған дейін 73-баптың 3-тармағында «мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін» екені айтылған болатын. Алайда, жаңадан ұсынылған жобада бұл жолдар алынып тасталды. Яғни бұдан былай Конституциялық сотқа Президент талап қоймайды. Тек конституциялық заңда белгіленген мерзімде сот мүшелері өздері шешім шығаратын болады. Аталған бапқа енгізілген өзге де өзгерістерді төмендегі салыстырудан анығырақ көруге болады. Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды. 73-бап Жаңа нұсқада: 73-бапта: 1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын; Ескі нұсқада: 73-баптың 1-2-тармақтары
  1. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
  2. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Жаңа нұсқада: 73-бапта: 2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.». Ескі нұсқада: 73-баптың 3-тармағы
  1. Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап. #конституция #Конституциялық Кеңес #Ата заң #референдум #Конституциялық сот #жаңа Қазақстан #Конституциялық реформа #Конституция-2022 #73-бап https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-73-bap_279443/  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *