Корея Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Жаңалықтар
view 198
news

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусымда Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Janabastau.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. Айта кетейік, 3 мауысда Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдаған еді.

Сонымен қатар президент бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *