Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Руханият
view 361
news

Қосшы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, 28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Аталған мәдени іс-шараға ҚЖО Нұр-Сұлтан қалалық филалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі аудармашы, қаламгер Мақсот Ізімов, ҚЖО мүшесі, ақын Бауыржан Қарағызұлы, ҚЖО мүшесі, кинодраматург, ақын Ұларбек Нұрғалым, журналист, сатирик Еркеғали Бейсенов, журналист Ержан Қалымбай, журналист Еркін Мұхамеджанов, ақын Ахат Расул, ақын Ұмтыл Зарыққан, ақын, журналист Саян Есжан, ақын, журналист Олжас Қасым, журналист Жанболат Шәкім, ақын Қабиден Қуанышбай, журналист Жарқынбек Жұмаділ, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар және «Jańa bastau» газетінің қызметкерлері қатысты. Кездесуде Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жумкейұлы БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Қосшы қаласының мәдени, рухани әлеуетін арттыру саласында істеліп жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Осы ретте іс-шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері де Қосшы қаласының мәдени, рухани, әлеуметтік дамуы түрлі ұсыныстарын айтып, жаңа ашылған «Jańa bastau» газетімен Jańabastau.kz сайтының жұмысына сәттілік тіледі.  Қатысушылардың пікірінше, қала жас болғанымен, мәдениет пен өнердің ордасына айналу мүмкіндігі зор. Қазір Қосшы қаласында мәдениет, әдебиет және өнер саласында қызмет етіп жүрген интеллигенттер көп. Олар қалада театр, кинотеатр секілді өнер ошақтарын ашылса деген телектерін де жеткізді. Қосшы қаласының маңында тарихи ескерткіш қойылуға тиіс тарихи орындар көп. Мәселен, «Тайтөбе ауылында сақ дәуіріне тиесілі онға жуық ескі қорым бар. Қазақ тарихында белгілі тұлға Нияз бидің кесенесі де сол жерде. Облыс атауының «Ақмола» деп аталуына осы жерде орналасқан ақ саз балшықтан жасалған кесенеге байланысты деген деректер бар. Қазақтың соңғы ханы Кенесары ханға байланысты оқиғалармен де бұл жердің тарихи құндылығы ерекше. Сондықтан осындай жерлерге ескерткіштер орнатып, тарихи-өлкетану мұражайын ашу маңызды» деді зиялы қауым өкілдері.    

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *