Қосшы қаласында кәсіпкерлік субъектілер саны көбеюде

Редакция таңдауы
view 177
news

13 маусым күні қала әкімдігінде Қосшы қаласы әкімінің орынбасарлары Берген Жұмкейұлы және Әсет Дінисламұлының қатысуымен «Лесная Поляна» ТА 1-5 үйлерде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының мәселелері бойынша алқалы жиын өтті. Кеңеске белсенді тұрғындар, Мүлік иелері бірлестігінің төрағалары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары, қала әкімдігінің, сәулет, жер қатынастары, кәсіпкерлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің және «Қосшы су» ШЖҚ КММ басшылары қатысты. Жиында абаттандыру, заңсыз құрылыс, санитарлық нормалар, салық міндеттемелері, қызмет көрсету сапасы және т. б. мәселелері талқыланды. Қосшы қала статусын алғалы қаламызда кәсіпкерлік субъектілерінің саны ай сайын өсуде. 2022 жылдың қортындысы бойынша кәсіпкерлер саны – 2326 бірлікті құрады, 2021 жылмен салыстырғанда (1343) 169,2 пайызға өсті. Қазіргі таңда қаламызда 2 755 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілеріне «Салық Кодексі», «Жарнама туралы» заң нормаларының, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, аумақты абаттандыру қағидаларының талаптарын, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң және ҚР «Кәсіпкерлік кодексінің» нормалары түсіндіру бойынша «Лесная Поляна» тұрғын алабына комиссиялық шығу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Лесная Поляна» тұрғын алабының 80% қамтылды. Алайда, кейбір кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын жақсартуға, санитарлық-таза аймақ құруға, іргелес аумақтарды абаттандыруға, ақыр соңында тұтынушылар үшін қарапайым жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды қабылдамайды. Тұрғын емес үй-жайларының көпшілігін иелерінің өздері емес, жалға алушылар пайдаланады. Мұндай жағдайларда тазалыққа, тәртіпке және тұтынушылар алдындағы жауапкершілікке қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Тұрғындардың көпшілігі (жеке кәсіпкердің куәлігі жоқ) уақытша үлгідегі құрылыстарды (дүңгіршек және т.б.) өз бетінше тұрғызады, бұл облыстық маңызы бар қаланың эстетикалық келбетінің қандай да бір өлшеміне сәйкес келмейді. Келесі кезекте 6-10 тұрғын үйлерде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының мәселелері талқыланады.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *