Қосшы қаласында «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауы жарияланды
Экономика
388
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы мен орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасы аясында Қосшы қаласындағы кәсіпкерлер арасында өтетін «Жылдың үздік кәсіпкері» қалалық байқауы:
Е р е ж е с і
«Jańa bastau» Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси газеті мен janabastau.kz платформасында «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы мен орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасы аясында Қосшы қаласы және аймақтардағы кәсіпкерлер арасында өтетін «Жылдың үздік кәсіпкері» қалалық байқауы (бұдан әрі – Байқау).Байқау ұйымдастырушысы:
Байқау «Қосшы қаласының әкімдігі» ММ қолдауымен «Jańa bastau» газетінің ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.Ұйымдастыру комитеті:
- Байқауды өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Jańa bastau» газеті мен janabastau.kz сайты жариялайды;
- Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
- Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
- Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау шарасын ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты:
- «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы мен орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасы аясында Қосшы қаласының кәсіпкерлерді насихаттау;
- Кәсіпкерлердің еңбегін таныстыру арқылы Қосшы қаласының дамуына үлес қосқан һәм қосып жатқан тұлғалардың есімін айқындау;
- Халықты кәсіпорындарымен таныстыру;
- Байқау басталған сәттен байқау ережесі Қосшы қаласы әкімдігіне және Кәсіпкерлер палатасына ұсынылады;
- Өтініш, кәсіпкерлік субъектісінің паспорты.
Байқаудың өткізілу мерзімі:
Байқаудың өткізілу мерзімі 10. 08. 2022 – 01.12. 2022 аралығында. Салтанатты марапаттау рәсімі 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтеді.Байқаудың шарттары:
- Байқауға Ақмола облысы Қосшы қаласындағы кәсіпкерлер қатыса алады. - Белгілі суммада жарна төлеп газет және сайт беттерінде сұхбат беруі тиіс. - Қатысушы мекеме «Jańa bastau» газетіне ең кемі 10 данаға жазылуы керек.Байқауда жеті номинация бойынша марапатталады:
- «Шағын маркет» номинациясы;
- «Үздік азық-түлік дүкені» номинациясы;
- «Үздік әлеуметтік жауапкершілік» номинациясы;
- «Қызмет саласының үздігі» номинациясы;
- «Үздік сауда орталығы» номинациясы;
- «Үздік демалыс орыны» номинациясы.
Жеңімпаздарды марапаттау:
- Жеңімпаз кәсіпкерлер 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қосшы қаласы әкімінің арнайы дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталады. - Үздік кәсіпкерлердің видео-роликтері түсіріледі, бүктемелер таратылады. - Салтанатты марапаттау рәсімі қала әкімдігінде өтеді. - Байқаудың жеңімпаздарын анықтайтын Қосшы қаласы әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы тағайындалған жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы. Негізгі шарт бойынша кәсіпкер үміткерлер марапатау кешіне алдын ала шақыртылады.
Пікірлер (0)