Қосшы мектебінде биыл бірінші сыныптар саны "Ш-ға" жетті

Редакция таңдауы
view 180
news

Өткен жылы бірінші "Ы" сыныбын ашқан Лесная Полянадағы №2 орта мектепте биыл да бала саны көп.  Білім ордасы 2022-2023 оқу жылы бірінші сыныпқа 700-ге жуық оқушы қабылдады, деп жазды inbusiness.kz. Еске сала кетсек, бұл мектепте алғашқы қоңырау іс-шарасына тек бірінші сынып оқушылары мен түлектер ғана қатысады. Қалған сыныптар баланың көптігіне байланысты класс сағатын өткізумен шектелді. Биыл 1 200 орындық мектепте 3 ауысымда 5 мыңнан астам оқушы білім алмақ. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл мектепте екінші ауысымдағы оқушылар түстен кейін, яғни, сағат 15.40-19.30 аралығында білім алады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *