Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Редакция таңдауы
view 116
news

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz. Оның пікірінше, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Тоқаев. Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, ҚР президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *