Қосшы мұғалімі Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды

Қосшы жаңалықтары
view 137
news

Ризагүл Байғанат – Қосшы қаласының №3 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі. Ол бұған дейін Ақмола облысы бойынша бес «Үздік педагогтің» бірі атанған болатын. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі өткізілген. Конкурсқа облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының 112 педагогы қатысты. Онда қатысушы педагогтер өздерінің конкурстық материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктеді. Оның ішінде педагогтың портфолиосы, бейнесабағы, «Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау» бейнеролигі және эссесі бар.

«Биыл «Үздік педагог» дәстүрлі сайысы алғаш рет жаңа форматта өткізіліп отыр. Оның ерекшелігі үміткердің жұмысын өңірлік комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз бағалады», – дейді ұйымдастырушылар. Облыстық сайыстың қорытындысы бойынша Қосшы қаласының №3 IT мектеп-лицейі» КММ, математика пәнінің мұғалімі Ризагүл Байғанат жеңімпаз деп танылып, республикалық кезеңге қатысу үшін жұмыстары одан ары жолданған болатын. Республикалық конкурстың нәтижесіне сайкес, жерлесіміз Ризагүл Байғанат Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды. «Ұстазға деген құрмет ретінде оның суретін Қосшы қаласының Республика көшесі бойына іліп қойдық. Ұстаз сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру – тек ұстаздың қолынан келетін қасиет. Ризагүл Байғанатқызына мықты денсаулық тілейміз! Жас қаланың жастарын білім нәрімен сусындата беріңіз», – дейді Қосшы қаласының әкімдігі.

Елігімай ТӨНКЕР

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *