Қосшыда қазақтың тұңғыш балеринасы атына көше берілді
Қосшы қаласында қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Елубайқызы Тапалованың атына көше берілді.
Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Талабы таудай талантты қыз мектеп кезінен-ақ өнермен өмір сүрген. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, 1934 жылы Алматыдан жаңа құрылған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Ойылға гастрольмен келеді. Ұжымды ұйымдастырушы және басқарушы А.Жұбанов бастап келеді. Осы кезде билеген 11 жасар Нұрсұлудың икемін байқаған Ахмет Жұбанов оны өнер саласына бағыттап, кәсіби білім алуға жол сілтейді.
Нұрсұлу Тапалова жайлы деректер:
1931-1936 ж. Ойыл ауданындағы қазақ орта мектебінде оқиды.
1936-1939 ж. Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы би мектебінде оқиды.
1936-1938 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында балет әртісі ретінде сахнада өнер көрсетеді. Дариға (И.Н. Надировтың "Көктемінде"), Зарема (Б.В. Асафьевтің "Бакшасарай фонтанында", 1942 - 43, Г.С. Улановамен бірге), испан биі (П.И. Чайковскийдің "Аққу көлінде"), т.б. балеттік партияларды биледі. Сондай-ақ, ұлттық опералардағы (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі", А. Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайы", М.Толебаевтың "Біржан Сарасы") жеке билерді нақышына келтіре орындады.
1939 – 1941 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында балет бишісі.
1941 – 1945 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында биші жауапты биші.
1945-1953 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында прима-балерина.
1947 ж. 24 жасында «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі» атағы берілді.
1947-1949 ж. Алматы қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.
1953 ж. "Қазақконцерттің" солисі қызметін атқарып, эстрадалық ән-би, миниатюра жанрында еңбек етті.
1958 ж. Мәсскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.
1975 ж. дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза», «Жамбыл» және т.б. 20 шақты киноға түседі.
Пікірлер (0)